Оралхан Кошеров (1959–2001) – Қазақстандағы танымал композитор, әнші
Оралхан Кошеров 1959 жылы Күршім ауданының Топтерек ауылында дүниеге келген. Ол Семей қаласындағы музыкалық училищеге түскен, бірақ тек 1 курс қана оқыған. Көптеген жылдар бойы Күршім ауданының мәдениет бөлімінде қызмет атқарған және жиі концерттік турлармен шығып тұрған. Халық арасында оны «Шығыстың Шәмшісі» деп атайды. Соңғы 10 жылын ән жазуға арнаған.
Өмір жолы қысқа болса да, 42 жыл ішінде композитор 50-ден астам ән шығарған. Ең танымал әндері: «Сезімді аяла», «Туған жер», «Ақ тілек», «Әке тілегі», «Көздеріңе ғашықпын», «Боздала», «Достарыма», «Ескі әнді шеше, қозғама», «Алғашқы махаббат», «Алтай», «Інілеріме», «Өскеменім», «Мен өзімнен алыс кетіп барамын». Бұл әндер махаббатқа, туған жерге, сүйікті қалаға және ата-аналық сезімдерге арналған.
Оралхан шығармашылығындағы ең құнды туынды – «Алғашқы махаббат» әні, ол алғашқы таза махаббат туралы.
Оралхан өмірді, музыканы жақсы көрген. Өз ұстаздары ретінде ақын Мұқали Мақатаев пен композитор Шәмші Қалдаяқовты санаған.
Оралхан Кошеров – дарынды композитор. Ол артында ерекше шығармалар қалдырды, олар бүгінге дейін халық жүрегінде сақталған. «Өлді деуге бола м айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деген сөз тегін айтылмаған.
Біз үшін Оралхан Көшеров өмірден кетті деп айта алмаймыз, ол біздің жүрегімізде тірі. Оның терең мәні мен философиялық мағынаға толы әндері тыңдармандардың жүрегіне жетіп, әлі де шырқалып келеді. 2005 жылы «Есіңе мені алғайсың» атты әндер жинағы жарық көрді.
Әдебиет:
Кітаптар:
- Көшеров, Оралхан. Есіңе мені алғайсың [Мәтін] : (әндер жинағы) / О. Көшеров. – Алматы : Үш Қиян, 2005. – 84 б.
- Туған жер әуендері = Земли родной напевы [Мәтін] : ШҚО композиторларының шығармалар жинағы. 1-ші шығарылым / ШҚО мәдениет басқармасы ; ШҚ өнер мұражайы ; Қазақстан жазушылар одағы ШҚО бөлімшесі. – Өскемен, 2005. – 200 б.
Мақалалар:
- Әбілхан, Серік. «Достарға» ауыр науқастан кейін туған туынды [Мәтін] : афиши / С. Әбілхан // Дидар. – 2013. – 21 қараша (№139). – Б. 16 : фот.цв.
- Оркушпаева, Насихат. Ол тірі, біз оның әндерін тыңдаған кезде [Мәтін] / Н. Оркушпаева // Рудный Алтай. – 2011. – 15 шілде (№80).