Мағзұмов Тоқтар (1958 ж.) – жазушы, зерттеуші, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
1958 жылғы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Қызыл-Жұлдыз ауылында дүниеге келген. 1975 жылдан 1977 жылға дейін ауыл мектебінде еңбек етті. 1982 жылы Алматы ауылшаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) агроном мамандығы бойынша тәмамдаған. 1998 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (С. Аманжолов атындағы) мемлекеттік басқару факультетін бітірген.
1982–1992 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында жұмыс істеген. 1992–1997 жылдары Шығыс Қазақстан облысының жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы болған. 1997–2001 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық ұйымдарды қайта құру бөлімін басқарған. 2007 жылдан бері Өскемен қаласының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2017 жылдан бастап Павлодардағы «Фарсад» ЖШС-нің директоры.
2003 жылы оның алғашқы әңгімелер жинағы «Қыз суреті» шыққан. Сондай-ақ «Байберді асуы» сериясындағы әңгімелер жинағының авторы.
Т. Мағзұмовтың шығармалары
Кітаптары:
- Мағзұмов, Тоқтарбек. Қыз суреті: әңгімелер мен новеллалар / Т. Мағзұмов; ред. С. Байхонов. – Өскемен: Б. ж., 2003. – 79 б.
- Мағзұмов, Т. Байберді асуы [Мәтін] / Т. Мағзұмов. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2007. – 212 б.
- Мағзұмов, Тоқтарбек. Алтайдағы алтын ұя. Райыстан – Оралханға дейін: эссе-элегия / Т. Мағзұмов. – Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2013. – 124 б.
- Мағзұмов, Т. О. Бөкей әлемі. Райыстан – Оралханға дейін [Мәтін]: эссе-элегия / Т. Мағзұмов. – Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2014. – 148 б.
- Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] / Т. Мағзұмов. – Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2014. – 260 б.
- Мағзұмов, Т. Алтай алашы [Мәтін] / Т. Мағзұмов. – Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2015. – 332 б.
- Мағзұмов, Тоқтарбек. Әбдікерім және Алаш: эссе-хикаят / Т. Мағзұмов. – Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2016. – 94 б.
- Мағзұмов, Тоқтарбек. Алтай алашы: роман / Т. Мағзұмов. – Өскемен: Шығыс Ақпарат, 2017. – 452 б.