Тыцких Михаил Сергеевич (1922–2007 жж.) – ақын, прозашы, экологиялық публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Ол 1922 жылдың 23 желтоқсанында (9 қараша) Алтай өлкесінің Змеиногорск қаласында дүниеге келген. Ақынның балалық және жастық шағы Шемонаиха ауданында және Өскемен қаласында өткен. Гидрометеорологиялық институтта (Ленинабад) оқыған.
Михаил Сергеевич – Ұлы Отан соғысының ардагері, сондай-ақ Сталин және Брежнев лагерьлерінің тұтқыны, атуға үкім етілген, Памир уран штолдарынан қашып шыққан, екі жыл бойы басқа фамилиямен жасырынған адам. Символдық болса да, Михаил Сергеевичке өмір сыйлаған анасы оны қайта құтқарған. Ол Өскемен маңындағы Меновное ауылында тұрған, бастапқыда ауыл дүкені кеңесінің, кейін ауыл кеңесінің төрағасы болған. Мәскеуге бірнеше сапары оның қылмыстық ісін қайта қарауға мүмкіндік берген. Михаил Тыцких босатылып, реабилитацияланып, Өскеменге оралған, онда «Звено Алтая» әдеби бірлестігін басқарған, «Коммунизм туы» және «Алтай большевигі» газеттерінің редакциясында жұмыс істеген.
М. Тыцкихтың қаламынан бірнеше қоғамдық-саяси және көркем публицистикалық еңбектер шыққан, сондай-ақ «А Петербург на костях» повесі бар. Михаил Тыцких жазушы Александр Егоров пен имам Ибрагим-Кажы Карнақбайұлымен бірге «На краю бездны» атты кітаптың авторы болып табылады. Өмірінің басты еңбегі деп ол «Экология және өмір» атты кітабын санайды, оның екінші атауы – «Вопль смертного»». 2001 жылы «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мерейтойына орай Михаил Тыцкихтың «Кездесу жолдары» атты өлеңдер жинағы шыққан. Бұл жинаққа лирикалық өлеңдер, ой-саналы өлеңдер, естеліктер кіреді. Жинақ үш тақырыптық бөлімнен тұрады: «Ғаламның ғажайыбы – табиғат», «Тропа свиданий» және «Космополит». Бірінші бөлімде табиғатқа, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлеміне арналған өлеңдер топталған. Екінші бөлімде махаббат, достық, кездесулер мен үміт туралы өлеңдер жинақталған. Үшінші бөлімде Михаил Тыцких философ әрі тарихшы ретінде адамзат тағдыры мен Жер планетасының өмірін ойластырады.
Михаил Тыцких поэзиясында маңызды тақырыптардың бірі – экология мен адам тақырыбы. Адам мен табиғаттың үйлесімі оның поэзиясында ерекше мәнге ие. Ақынды табиғаттың ұлылығы таң қалдырады, ол мыңжылдық балқарағайға таңдай қаққан. Адам мен табиғатты салыстыру ақынның өзіндік философиясын тудырған, ол нақты өмірлік ұстанымға айналған.
М.С. Тыцких өлеңдерінде жиі жол мотиві кездеседі. Оның лирикалық кейіпкері – жолсерік, өмір жолында орман, тайга жолдарымен жүретін адам. Жол – бұл өмірдің өзі, адамға әлемді және өзін тануға мүмкіндік береді. Сондықтан оның өлеңдерінде былай көрініс табады: «Тишина; звезды качают небо / И тропа на дыбы встает». Жер бойымен саяхат адамға табиғатқа және қоғамға моральдық жауапкершілік туралы ой салады. Ақын адамның артында не қалдыратынын ойлайды: бос шөлді ме, әлде тірі әлемді ме. Адам жердегі миссиясын, планетаға қатыстылығын түсінеді. М. Тыцкихтің экология тақырыбы өмір философиясына айналып, үлкен мәнге ие. Экология арқылы қоғамның әлеуметтік және рухани жағдайы көтеріліп, оның денсаулығы – әлем мен табиғаттың денсаулығы деген ой айтылады. Ақын қазіргі адамды жасаған әрекеттерін ойлануға шақырады, өйткені табиғатты жою арқылы адам өз-өзін де жояды. Ол үйдің тазалығын, ойдың тазалығын, мемлекеттің тазалығын басты мән ретінде санайды. Тыцких «күйзеліске ұшыраған тіршілікке» қарсы тұрып, замандасына белсенді өмірлік ұстаным таңдауға үндеу жасайды.
Михаил Тыцкихты айтқанда, оның шығармашылығының түрлі қырларын бөле қарау мүмкін емес, себебі оның көпқырлы қызметінің бастауы бір – күшті мінез, лириктің нәзік жанын философтың батыл ойымен біріктірген.
Михаил Сергеевич Тыцких 2007 жылдың 10 шілдесінде дүниеден өткен.
М. С. Тыцкихтың шығармалары:
- Немцев, Михаил Сергеевич. Мой Риддер, мой Лениногорск [Текст] : антология / М. С. Немцев. – Лениногорск : Полиграф – Сервис, 2001. – 284 с.
- Победе шестьдесят [Текст]: поэмы о войне. – Усть-Каменогорск, 2005. – 116 с.
- Тыцких М. С. Тропа свиданий [Текст]: стихотворения / М. С. Тыцких. – Усть-Каменогорск, 2001. – 76 с.
- Тыцких М. С. Отец [Текст]: стихи / М. С. Тыцких // Рудный Алтай. – 2002. – 30 нояб. – С. 20.
- Тыцких М. С. Безмолвна вечность, но звучат мгновенья…» [Текст]: стихи / М. С. Тыцких // Нива. – 2007. – № 8. – С. 149-155.
- Тыцких М. С. Я с голоса срываюсь сгоряча [Текст]: стихи / М. С. Тыцких // Рудный Алтай. – 2005. – 12 февр. – С. 7.
М. С. Тыцких туралы әдебиеттер
- Деев В. Послевоенный бум литературного строительства [Текст] / В. Деев // Мәдениет жаршысы=Вестник культуры. – 2008. – № 11. – С. 39-40.
- Деев В. Первое областное литературное объединение [Текст] / В. Деев // Мәдениет жаршысы.- 2008. – № – С.34-40.
- Деев И. Гордый змеиногорец [Текст] / И. Деев // Мәдениет жаршысы. – – № 7. – С. 34-36.
- Егоров А. Тетива тугого лука [Текст]: к 80-летию М. Тыцких / А. Егоров // 7 дней. – 2002. – 22 нояб. (№47). – С. 7.
- Немцев, М. Тыцких Михаил Сергеевич [Текст] / М. Немцев // Литературный Риддер : биографический справочник. – 2-е изд. – Усть-Каменогорск : Медиа – Альянс, 2012. – С. 155.
- Пивоваров П. Непоколебимый [Текст]: отрывок из повести. – Ақ Ертіс. – – № 5. – С. 90-97.
- Пивоваров, П. Непоколебимый М. С. Тыцких [Текст] / П. Пивоваров // Поэты, писатели – участники Великой Отечественной войны [Текст] . – Алматы : ҚазАқпарат, 2009. – С. 78-92.
- Поминов, П. Тропа свиданий: О творчестве журналиста М. Тыцких / П. Поминов // Казахстанская правда. – 2006. – 20 мая. – С. 7.
- Поминов П. На тропе свиданий [Текст]: о жизни и творчестве поэта М. Тыцких / П. Поминов // Простор. – 2006. – № 5. – С. 164-168.
- Поминов П. Талант – это и наказание, или Инопланетянин М. Тыцких / [Текст]: о судьбе поэта М. Тыцких / П. Поминов // Рудный Алтай. – 2002. – 30 нояб. – С. 20.
- Сизова О. Казахстанский Солженицын [Текст]: о сложной судьбе писателя М. С. Тыцких, реабилитированного как политического узника / О. Сизова // Устинка плюс. – 2002. – 12 нояб. (№ 47). – С. 5.